Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Трамп әкімшілігі Иранды бомбалауға рұқсат берді

Трамп әкімшілігі Иранды бомбалауға рұқсат берді

АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Иранға қарсы әскери шабуыл жасауға келісім берген. Бұл туралы танымал америкалық журналист, Пулитцер сыйлығының лауреаты Сеймур Херш өзінің Substack платформасындағы мақаласында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Журналистің айтуынша, Ақ үй Иран аумағына кең ауқымды бомбалау операциясын өткізуге рұқсат берген. Бұл ақпарат америкалық және израильдік ресми дереккөздерге сүйене отырып жарияланған.
The Wall Street Journal басылымы да осыған ұқсас ақпарат таратқан. Оның мәліметінше, Трамп әкімшілігі Иранға қарсы әскери соққы жоспарын бекіткен, алайда шабуылды бастау туралы нақты бұйрық әлі берілген жоқ. Басылым дереккөздері Трамп Иран билігінің ядролық бағдарламадан өз еркімен бас тартады деп үміттеніп отырғанын хабарлайды.
Әскери әрекет басталған жағдайда, басты нысан – Фордодағы уран байыту зауыты болуы мүмкін. Бұл стратегиялық маңызы бар объект тау астында орналасқан және оны тек жоғары қуатты GBU-57A бомбалары ғана жоя алады. Аталған бомбаларды тастау мүмкіндігі тек АҚШ-тың B-2 Spirit атты көрінбейтін стратегиялық бомбалаушы ұшағында бар.
Сонымен қатар Axios басылымы Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Трамп әкімшілігі нысаналы соққылармен шектеліп, Таяу Шығыста ұзаққа созылатын әскери қақтығыстан аулақ болуды көздегенін жазған.
21 маусым 2025 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 588
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 383

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031