» » Иранға соққы жасаса мұнай бағасы өсе ме?

Иранға соққы жасаса мұнай бағасы өсе ме?

Әлемдегі геосаяси дағдарыстың басылар сыңайы байқалмайды. Керісінше, күн санап өршіп бара жатқандай. АҚШ пен Иран ядролық мәселеге байланысты сол күйі бір мәмілеге келе алмаған көрінеді.
Енді екі алпауыттың арасында соғыс өрті тұтануы мүмкін деп жатыр әлемдік БАҚ-тар. Іске Израиль араласуы мүмкін. Қазірдің өзінде Израиль Иранға әскери соққы жасауы мүмкін деген ақпараттар кеңістікте көбейе түсті. Бұл расқа айналуы әбден мүмкін..
АҚШ Мемдепартаменті Ирак, Бахрейн және Кувейттегі елшіліктерден қызметкерлердің кетуін ұйымдастыруға тапсырма берген. АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет бұл елдерден әскери қызметкерлердің отбасы өз еріктерімен кетуі тиіс деп есептейді.
Сәрсенбі күні Кеннеди орталығында сөз сөйлеген АҚШ Президенті Дональд Трамп «америкалықтар бұл өңірлерден кетуі тиіс, өйткені бұл қауіпті орын болуы мүмкін, не болатынын көреміз» деп пікір білдірді.
Осындай геосаяси қысым жағдайында Brent маркалы мұнай бағасы 4,3 пайызға қымбаттаған. Сөйтіп, 69,8 долларға жетті. Бұл әрине, біз үшін тиімді.
Қазақстанның бюджеті мұнайдан түсетін табысқа тікелей тәуелді. Бірақ біз үшін әлемдегі ахуалдың оңтайлы болғаны да тиімді. Оның үстіне, Қазақстан соңғы кездері Иранмен дипломатиялық, сауда қатынастарын да күшейтуге ұмтылып жатыр.
Дильназ Дүкенбай,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті
egemen.kz
13 маусым 2025 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 753
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 116

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 478

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930