» » Иран мен Израиль арасындағы соғыс біржола тоқтайма

Иран мен Израиль арасындағы соғыс біржола тоқтайма

Иран мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, сарапшылар бұл уақытша тыныштық екенін айтады. Қақтығыс 13 маусымда Израильдің Иранның ядролық бағдарламасына қарсы әскери операциясынан басталған еді. АҚШ та Иранға соққы жасаған, деп жазады Egemen.kz.
Сарапшылар Иранның қорғаныс жүйесі әлсірегенін, прокси күштер мен зымырандары нәтиже бермегенін айтады. Ал Израиль Иран әуе кеңістігінде басымдыққа ие болған. Ядролық бағдарлама да бірнеше жылға кейін шегерілуі мүмкін.
Израильдік саясаттанушы Ксения Светлова да бұл соғыстың уақытша үзіліс екенін айтып отыр.
«Қазіргі қақтығыс – тек шайқас. Алда әлі соғыс бар»,  дейді ол.
Оның пайымынша, Израиль де, Иран да тұрақты келісімге сенбейді, ал аймақтағы қауіпсіздік бұрынғы қалпына енді оралмайды.
Ресей мен Иран арасындағы әріптестік те шектеулі сипатта. Жуырда жарияланған келісім әскери көмекті міндеттемейді. Reuters агенттігінің мәліметінше, Иран басшысы Хаменеи Ресейден әлсіз қолдау алғанына наразы.
26 маусым 2025 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031