» » Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі

Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі

InfoResist
Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп соғысты тоқтату жоспарын келісу үшін Флоридада кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зеленский журналистерге Трамптың Флоридадағы резиденциясында өтетін кездесуде Донбасс аймағының тағдырын, Запорожье атом электр станциясының болашағын және өзге де бірқатар мәселені талқылауды жоспарлап отырғанын айтты.
– Мәскеу бірнеше рет Украинаның бүкіл Донбасс аумағын, соның ішінде әлі де Киевтің бақылауында тұрған жерлерді беруді талап еткен. Сонымен қатар ресейлік ресми тұлғалар соңғы ұсыныстың өзге де тармақтарына қарсылық білдіріп отыр. Сондықтан жексенбі күні өтетін келіссөз нәтижелерін Ресей президенті Владимир Путин мақұлдай ма, жоқ па, әзірше белгісіз, – деп жазады Reuters.
Axios мәліметінше, АҚШ шенеуніктері Зеленскийдің референдум өткізуге дайын екенін айтарлықтай алға жылжу және аумақтық ымыраларға ашықтығының белгісі деп есептейді. Алайда Зеленскийдің айтуынша, мұндай дауыс беруді дайындап, өткізу үшін Ресей 60 күндік атысты тоқтатуға келісуге тиіс. Кейінгі сауалнамалар украиналық сайлаушылардың бұл жоспарды да қабылдамауы мүмкін екенін көрсетіп отыр.
29 желтоқсан 2025 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930