Медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды
2025 жылы физиология мен медицина саласындағы Нобель сыйлығы Мэри Э.Брунковке, Фредерик Рамсделл мен Шимон Сакагучиге перифериялық иммундық толеранттылыққа қатысты жаңалықтары үшін берілген еді.
2024 жылы медицина саласындағы Нобель сыйлығын америкалық ғалымдар Виктор Амброс пен Гэри Равкан алды. Олар «микроРНҚ-ны ашқаны және оның ген экспрессиясын транскрипциядан кейінгі реттеудегі рөлін зерттегені» үшін марапатталды.
2023 жылы осы саладағы Нобель сыйлығы АҚШ-тағы Пенсильвания университетінің ғалымдары Дрю Вайсман мен Каталин Карикоға табыс етілді. Солардың жұмысы коронавирусқа қарсы мРНҚ вакциналарын әзірлеуге септігін тигізді.
2022 жылы Нобель сыйлығын швед биологы Сванте Паабо алды. Ол жойылып кеткен гоминидтердің геномдары мен адамның эволюциясы саласындағы жаңалықтары үшін лауреат атанды.
Енді ертең, 6 қазанда, физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланады. 7 қазанда – химия саласының, 8 қазанда – әдебиет саласының лауреаттары белгілі болады.
9 қазанда Ослода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты жарияланады. Ал 12 қазанда Швеция Банкі 1968 жылы тағайындаған Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика саласындағы сыйлықтың лауреаты аталады.















