» » Нобель сыйлығы физика саласында квант құпияларын ашқан ғалымдарға табысталды

Нобель сыйлығы физика саласында квант құпияларын ашқан ғалымдарға табысталды

Фото: x.com/@NobelPrize
2025 жылғы Нобель сыйлығы физика саласында кванттық физикаға тың серпін берген үш ғалымға бұйырды. Лауреаттар қатарында Ұлыбританиялық Джон Кларк, француз зерттеушісі Мишель Деворе және америкалық Джон Мартинис бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олар «макроскопиялық кванттық-механикалық туннелдеу және электр тізбегіндегі энергияның квантталуын ашқаны үшін» марапатталды. Ғалымдардың тәжірибелері кванттық құбылыстардың тек атомдық деңгейде ғана емес, қолмен ұстауға болатын құрылғыларда да айқын көрінетінін дәлелдеді.
Өткен жылы Нобель сыйлығы физика саласында Джон Хопфилд пен Джеффри Хинтонға берілген болатын.
Айта кетейік, 1901 жылдан бері физика бойынша Нобель сыйлығы 118 рет табысталып, 226 ғалым иеленген. Олардың ішінде небәрі бес әйел бар.
Биылғы Нобель апталығы әлі жалғасып жатыр. 8 қазанда – химия, 9 қазанда – әдебиет, 10 қазанда – Бейбітшілік сыйлығы, ал 13 қазанда экономика саласындағы лауреаттар белгілі болады.
08 қазан 2025 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930