» » Жеті мемлекет Трампты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды

Жеті мемлекет Трампты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына қайтадан ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трампты бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы үшін қолдаған шетелдік көшбасшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы басылым Ақ үйдің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Трамптың кандидатурасын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брис Оли Нгуема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанда сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирехе қолдады.
Бұған дейін Камбоджа премьер-министрі Хун Манет АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығымен сіңірген еңбегін мойындауды ұсынған болатын. Хун Манет Трампқа Камбоджа-Таиланд жанжалына араша болғаны үшін алғыс айтып, оның бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтуға қосқан тарихи үлесін атап өтті.
15 тамыз 2025 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930