» » Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ресми түрде қызметіне кірісті

Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ресми түрде қызметіне кірісті

Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ресми түрде қызметіне кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлықтау рәсімі әдетте ашық алаңда өтетін. Алайда бұл жолы ауа райының қолайсыздығына байланысты шара Капитолий ғимаратының ішінде өтті.
Вашингтонда Трамп пен оның вице-президенті Дж.Д.Вэнс Капитолий Ротундада ант берді.
Ант беру кезінде Трамп бірден екі кітапты пайдаланды. Ол Трамптың 1955 жылы анасы берген жеке Інжілі және 1861 жылы АҚШ президенті Авраам Линкольн инаугурация кезінде пайдаланған барқытпен тігілген тарихи Линкольн Інжілі.
"Мен Америка Құрама Штаттарының Президентінің қызметін адал атқаруға және қолымнан келгенше Америка Құрама Штаттарының Конституциясын сақтауға және қорғауға салтанатты түрде ант етемін”, – деді Трамп.
Сонымен қатар ол АҚШ-тың жаңа дәуірі басталғанын айтты.
“Дәл қазір Американың алтын ғасыры басталады. Осы күннен бастап біздің еліміз гүлденіп, бүкіл әлемде құрметке ие болады. Барша халық бізге қызғана қарайтын болады", – деді Трамп.
Айта кетейік, бұл Трамптың екінші инаугурациясы. 2017-2021 жылдар аралығында ол АҚШ-тың 45-президенті болды.
Инаугурацияға өз орындарын алу үшін атақты адамдар, әлемдік көшбасшылар мен әлемнің ең бай адамдары келген. Олардың қатарында Аргентина президенті Хавьер Майли, X әлеуметтік желісінің иесі, SpaceX және Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон бар. Қонақтар арасында 2016 жылғы сайлауда Трамптың басты қарсыласы атанған Билл мен Хиллари Клинтон да бар.
Руперт Мердок, TikTok бас директоры Шоу Жу, UFC Дана Уайт және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон да инагурацияда бой көрсетті.
Трамптың инаугурациясында Капитолий Ротундаға 800 адам, Эмансипация Холлға 1300 және Visitor Center театрына 500 адам келеді деп жоспарланған еді. Капитолий ғимаратында барлығы 2600-ге жуық адам болды.
21 қаңтар 2025 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930