Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Джо Байден АҚШ президенті қызметіне кірісті

Джо Байден АҚШ президенті қызметіне кірісті

Джо Байден ант қабылдады және Америка Құрама Штаттарының президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен, Джо Байден Америка Құрама Штаттарының Президенті ретіндегі міндеттерімді адал атқаратыныма және Америка Құрама Штаттарының конституциясын қолымнан келгенше қолдаймын, сақтаймын және қорғаймын", - деді Байден оң қолын көтеріп, сол қолын Киелі кітапқа қойып.
78 жастағы демократ Байден АҚШ-тың 46-президенті болды. Ол қарашадағы сайлауда республикашыл Дональд Трампты жеңді.
Айта кетейік, Дональд Трамп Байденнің инаугурациясына қатысудан бас тартты.
Сондай-ақ, рәсім кезінде Камила Харрис ант берді, ол Америка Құрама Штаттарының вице-президенті қызметіне кірісті. Бұған дейін Джо Байденнің инаугурациясының қонақтары, оның ішінде Барак Обама, қызметінен кетіп жатқан АҚШ вице-президенті Майк Пенсті қол шапалақтап қарсы алды, салтанатты рәсімде ол бұрынғы әкімшіліктің өкілі болды.
Алғаш рет АҚШ президентін ұлықтау рәсімі қысқартылған форматта өтті, жиналғандардың барлығы бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтады.
21 қаңтар 2021 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 588
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 374

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031