» » Швецияда Нобель апталығы басталды

Швецияда Нобель апталығы басталды

Стокгольм қаласында дәстүрлі Нобель апталығы өз шымылдығын түрді. Алғашқы марапат иегері 6 қазанда белгілі болмақ. Бұл күні физиология немесе медицина саласы бойынша Нобель комитетінің таңдауы жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
7 қазанда – физика, 8 қазанда – химия, 9 қазанда – әдебиет саласының лауреаттары анықталады. Ал 10 қазанда Нобельдің ең көп назарға ілігетін марапаты Бейбітшілік сыйлығының иегері жария етіледі. 13 қазанда экономика бойынша, дәлірек айтсақ, Альфред Нобельдің құрметіне Швеция Ұлттық банкі тағайындаған сыйлықтың иегері анықталмақ.
Айта кетейік, биылғы жылы АҚШ президенті Дональд Трампты да Бейбітшілік сыйлығына бірнеше ел ұсынған еді. Дегенмен 3 қазанға дейінгі деректерге сәйкес, оның жеңу ықтималдығы небәрі 3 пайызды құрады. Ең жоғары мүмкіндіктер азаматтық соғыс кезінде гуманитарлық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарған Суданның Төтенше жағдайларға ден қою орталықтарына (24%) және UNRWA-ға (9%) тиесілі.
06 қазан 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30