» » Нобель сыйлығын кім алады?

Нобель сыйлығын кім алады?

Стокгольмдегі Швеция академиясының Нобель комитеті жыл сайын әлем әдебиетінің ең озық үлгісін анықтайды. Биыл бір миллиондық жүлдеге Еуропа мен Америка құрлығынан шыққан, әлемдік ықпалы зор әйел жазушылардың түсу ықтималдығы жоғары болып отыр. Ендеше олар кімдер?
Басты үміткер ретінде француз әдебиеті мен философиясының заңғары Элен Сиксудің есімі аталады. 80-нен астам роман, драма, эссе жазған оның әдебиетте есім-сойы бар жазушы екені анық. Ал норвегиялық Вигдис Йорт отбасылық психология мен этикалық қайшылықтарды қарапайым да шынайы тілмен оқырманға жеткізеді. Оның 2023 жылы жарық көрген «Қайталану» романы өткен  жылы швед тіліне аударылған болатын. Бірақ 2023 жылы Юн Фоссенің жүлде алуы норвегиялық қаламгерге қайтадан Нобель сыйлығын беру туралы шешімді өзгертуі әбден мүмкін.  
Үміткерлер тізімінің басында дат жазушысы Хелле Хелле де тұр. Ол Дания әдебиетінің ең танымал өкілдерінің бірі. Оның да сыйлықты еншілеуге үміті зор. Заманауи неміс прозасының көшбасшысы Енни Эрпенбек 2021 жылы жарық көрген «Кайрос» романы арқылы Шығыс Берлиндегі жеке драма мен тарихи өзгерісті шебер ұштастырғаны үшін 2024 жылы Халықаралық Букер сыйлығын жеңіп алды. Нобель комитеті оның романтикалық саяси мәтінін жоғары бағалайды деген болжам бар.  
Руандадағы 1994 жылғы геноцид пен тутси халқының трагедиясын көркем дүниеге арқау еткен француз тілді қаламгер Сколастик Муказонга, «Құм мөрі» атты романымен әлемге танылған үнді жазушысы Гитанджали Шри, канадалық Маргарет Этвуд, Америка прозасының қазіргі алыбы Джойс Кэрол Оутс, мәдениеттер тоғысы мен гендерлік мәселелерді қозғайтын түрік текті қаламгер Элиф Шафак та биыл Нобель сыйлығының әдебиет аталымы бойынша жеңімпаз атануға ынталы. Кімнің бағы жанарын бір Құдай біледі. Бірақ биылғы тізімнен Нобель сыйлығының географиялық ауысуы мен ­әде­би бағыттардың жаңаруын аңғаруға болады. Біз­дің­ше, осы жылы әлемге толық таныс емес, деген­мен ­заманауи форма мен тарихи жадыны жеріне жет­кізе жаза алған Енни Эрпенбек, Вигдис Йорт немесе Сколастик Муказонга сияқтылар  лауреат болуы да ­бек мүмкін.

egemen.kz
27 тамыз 2026 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930