» » «Бір тамшы мұнай өтпейді»: Иран көрші елдерге қатаң ескерту жасады

«Бір тамшы мұнай өтпейді»: Иран көрші елдерге қатаң ескерту жасады

Сурет: Iribnews
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи АҚШ-ты қолдап, экономикалық соғысқа қатысатын көрші елдерге ескерту жасады. Оның айтуынша, мұндай мемлекеттер Иранның жауы ретінде қарастырылады және олардың мүдделеріне соққы берілуі мүмкін, деп хабарлайды деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз барлық көршілес елдерге ескертеміз: Америка Құрама Штаттарын қолдап, экономикалық соғысқа қатыспаңыздар. Олай жасағандарды біз жау деп санаймыз. Біз қақтығысты ұлғайтуды, жалғастыруды көздемейміз. Алайда Иранды қоршаған елдер экономикалық соғыста америкалықтармен ынтымақтасатын болса, онда біз олардың мүдделеріне де соққы береміз. Егер Иранды қоршаған елдер экономикалық соғыста америкалықтарға қосылса, Парсы шығанағы немесе Ормуз бұғазы арқылы бір тамшы мұнай өтпейді. Сондай-ақ, мұнай экспорттайтын басқа да бағыттарға соққы жасаймыз», деді Мохсен Резаи.
Оның бұл мәлімдемесі Иран мен АҚШ арасындағы текетірестің ушығып тұрған тұсында айтылды. Тегеран Вашингтонның экономикалық қысымына жауап ретінде мұнай экспорты мен Парсы шығанағындағы тасымал бағыттарына қатысты қатаң ұстанымын білдіріп отыр.
24 тамыз 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 721
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 169

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31