» » Иран Сыртқы істер министрі: Достас елдер үшін теңіз жолы ашық

Иран Сыртқы істер министрі: Достас елдер үшін теңіз жолы ашық

Фото: aa.com.tr
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи жаһандық және аймақтық жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аракчи Иранды бөліп-жаруға, тез жеңіске жетіп, ұлттық бірлікті бұзуға ниеттенгендердің әрекеттері сәтсіздікке ұшырағанын, халық бірлігін сақтап отырғанын атап өтті.
«Бұрын олар «шартсыз берілу» туралы айтқан болатын, ал қазір жоғары деңгейдегі жетекшілерді келіссөзге жұмылдырып жатыр. Бірақ ешқандай келіссөз қарастырылмайды. Өйткені, халықаралық кепілдіктер толық қауіпсіздік бермейді. Иран ешкімге елге қарсы соғыс ашуға жол бермейді. Достық қарым-қатынастағы Қытай, Ресей, Үндістан, Ирак, Пәкістан секілді елдерге теңіз жолдары арқылы өтуге рұқсат берілді. Ал дұшпанға Ормұз бұғазы арқылы өтуге ешқандай себеп жоқ», деп атап өтті министр.
Министрдің айтуынша, Иран өз ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және стратегиялық жолдарды бақылауға басымдық береді.
26 наурыз 2026 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 271
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 804

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930