» » «Бір литр де мұнай шықпайды»: Иран Ормұз бұғазын толық бақылауға алды

«Бір литр де мұнай шықпайды»: Иран Ормұз бұғазын толық бақылауға алды

фото: Виталий Невар/РИА Новости
Иран Қарулы күштері Ормұз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және қарсыластарына мұнай экспорттауға жол бермейтінін жеткізді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) өкілі Сардар Наини мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, АҚШ әскері мен Израильдің Иранға және оның инфрақұрылымына қарсы әрекеттері жалғасып жатқан жағдайда, Иран аймақтан мұнай экспорттауға уақытша шектеу енгізген.
«Иран Қарулы күштері аймақтан жаулар мен олардың серіктестеріне бір литр де мұнай шығаруға жол бермейді», деді Сардар Наини ирандық Tasnim агенттігіне берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ ирандық зымырандар мен дрондардың қаупіне байланысты америкалық әскери кемелер мен ұшақтар Ираннан 1000 шақырымнан астам қашықтықта жүргенін айтты. Оның сөзінше, өңірдегі америкалық және израильдік әскери күштер қауіпсіздік мақсатында қалалар мен қонақүйлерде жасырынуға мәжбүр.
ИРСК өкілі Иран Қарулы күштері қақтығыстың қашан аяқталатынын өздері айқындайтынын және қажет болған жағдайда Ормуз бұғазында АҚШ-тың Gerald R. Ford авианосецін қарсы алуға дайын екенін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыс жақын арада аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
«Менің ойымша, соғыс іс жүзінде аяқталды. Оларда флот та, байланыс жүйесі де, әуе күштері де жоқ», деді Трамп.
Сонымен қатар ол Вашингтонның әрекеттері бастапқы болжамнан әлдеқайда жылдам нәтиже бергенін, өйткені сарапшылар соғыс 4-5 аптаға созылады деп күткенін айтты. Дегенмен, АҚШ президенті Иранды толық жеңу туралы айтуға әлі ерте екенін атап өтті.

10 наурыз 2026 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 669

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031