» » АҚШ пен Иран қақтығысы: Тоқаев Ақордада кеңес өткізіп, тапсырма берді

АҚШ пен Иран қақтығысы: Тоқаев Ақордада кеңес өткізіп, тапсырма берді

Президент Қазақстанның Таяу Шығыстағы елшіліктері мен ондағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырдыН. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парсы шығанағы аймағындағы ахуалға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Кеңеске президент әкімшілігі басшылығы, премьер-министр орынбасары, қауіпсіздік кеңесі хатшысы, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы,сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі, ішкі істер министрі және Қарулы күштер бас штабының бастығы қатысты.
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен басқа да ведомство басшылары Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал туралы баяндады.
Тоқаев Парсы шығанағы аймағындағы ахуалдың күрт шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді. Президент қақтығысты дипломатиялық әдіс-тәсілдермен, ең алдымен, бұл іске БҰҰ-ны араластыра отырып, сондай-ақ екіжақты байланыстар мен келіссөздер арқылы реттеу мүмкін екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Қазақстанның Таяу Шығыстағы елшіліктері мен ондағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, еліміздегі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен компаниялар кеңселерінің қауіпсіздігін сақтау үшін шаралар қабылдауды, мемлекетіміздің ұлттық мүддесіне қатысты маңызды ақпараттарды алу және талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Халықаралық ахуалдың шиеленісуі жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму және қорғаныс әлеуетін күшейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Таяу Шығыста не болып жатыр?

3 қаңтарда АҚШ Бағдадтағы халықаралық әуежай аумағында арнайы операция жүргізіп, ирандық генерал Сулеймани мен ирак шейіттер жасағының басшысы Әбу Махди әл-Мухандисті өлтірді.
Вашингтонның мәлімдеуінше, олар өткен жылдың 31 желтоқсанында Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл ұйымдастырған.
Иран тарапы Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтаруға уәде берді.Осыдан кейін Иран Америка әскерилері орналасқан Ирактағы "Айн-әл-Асад" әскери базасына зымыранмен соққы жасады. CNN мәліметінше, базадағы ақпарат көздері кем дегенде 13 зымыранның дәл тигенін растаған, жалпы Иран аумағынан кем дегенде 30 зымыран ұшырылғаны туралы хабарланды.
Ирандық Press TV телеарнасы Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларына жасалған соққыдан 80 адам қаза тапты деген мәлімет таратты.
08 қаңтар 2020 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031