» » Иран Парсы шығанағындағы елдерге қайта соққы жасады

Иран Парсы шығанағындағы елдерге қайта соққы жасады

Фото: REUTERS
Иран Парсы шығанағы елдеріне қайта шабуыл жасап, нәтижесінде БАӘ мен Бахрейндегі энергетикалық және мұнай-химия инфрақұрылымы нысандарында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz DW-ге сілтеме жасап. 
Абу-Дабиде Borouge кәсіпорнында өрт әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері атып түсірген нысандардың сынықтары құлағаннан кейін басталғаны айтылды. Зауыттың жұмысы уақытша тоқтатылды, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін БАӘ билігі әуе қорғаныс күштері Иранның бірнеше зымырандары мен дрондарын жойғанын мәлімдеген. Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау ескертіліп, елдегі қатты дыбыстар әуе шабуылына қарсы жүйелердің жұмысымен түсіндірілді.
Бахрейнде шабуылдан кейін Bapco Energies нысанындағы резервуар өртенген. Сонымен қатар Gulf Petrochemical Industries кәсіпорнында да өрт болғаны хабарланды. Екі өрт те сөндірілген, қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.
Соққылар туралы ақпарат Кувейттен де түскен. Reuters және өзге де БАҚ мәліметінше, бұған дейінгі ирандық шабуылдар бұл елдегі нысандарда өртке себеп болған, ал қазіргі жағдай қақтығыстың өңірдегі маңызды инфрақұрылымға әсері күшейіп жатқанын көрсетеді.
05 сәуір 2026 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 881
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930