» » Израиль әскері Тегеранда Иран әуе күштерінің штабына соққы жасады

Израиль әскері Тегеранда Иран әуе күштерінің штабына соққы жасады

Израиль қорғаныс күштері Тегеранда орналасқан Иранның революциялық гвардиясына қарасты әуе күштерінің штаб-пәтеріне соққы жасалғанын хабарлады. Бұл туралы ресми мәлімет Израиль әскерінің Telegram арнасында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Әскерилердің дерегінше, барлау мәліметтерінің қолдауымен жүзеге асқан ауқымды операция барысында ондаған нысанға соққы берілген. Сол нысандардың қатарында Иранның әуе күштерінің басқару штабы да бар.
Хабарламада бұл ғимарат режимнің әуе күштерін басқару және үйлестіру орталығы ретінде пайдаланылғаны айтылған. Штабта баллистикалық зымырандарға жауапты құрылымдар, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаратын бөлімшелер және әуе күштерінің өзге де бөлімдері орналасқан.
«Бұл нысан режимнің әуе күштерінің әрекеттерін үйлестіруге арналған негізгі басқару орталығы болды. Штабта баллистикалық зымырандарды басқару құрылымдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары бөлімшелері және әуе күштерінің басқа да бөлімдері орналасқан», делінген хабарламада.
Израиль тарапының түсіндіруінше, бұл штаб өңірдегі елдерге, соның ішінде Израильге бағытталған зымырандық соққыларды жоспарлау мен операциялық жағдайды қалыптастыруға жауап берген.
Әскерилердің мәліметінше, Тегеранда орналасқан бұл нысанға жасалған соққы Иранның баллистикалық зымыран инфрақұрылымын әлсіретуге бағытталған кең ауқымды операцияның бір бөлігі саналады. Оның мақсаты – Иранның Израильге қарсы шабуылдарды үйлестіру мүмкіндігін төмендету.
Израиль әскері Иран билігіне тиесілі нысандарға соққы беру жалғасатынын мәлімдеді. «Иран режимінің мүмкіндігін әлсірету мақсатында оның нысандарына соққы беруді жалғастырамыз», делінген хабарламада.
Кеше Иранның ядролық нысанына соққы жасалған еді.
09 наурыз 2026 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 003
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 620

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930