» » Венгрия парламенті ел президентін сайлады

Венгрия парламенті ел президентін сайлады

Сурет: euronews.com
Egemen.kz
Euronews мәлімдеуінше, Андраш Бакасын биліктегі «Тиса» партиясы ұсынған.
Ал елдегі ең ірі оппозициялық «Фидес» партиясы президент сайлауын заңсыз деп санайтынын мәлімдеді. Оппозиция Тамаш Шуйокты әлі де Венгрия президенті ретінде мойындайтынын айтты.
Жаңадан сайланған президент алғашқы сөзінде саяси көптүрлілікті сақтау, әртүрлі көзқарастарды еркін білдіруге мүмкіндік беру және келіспеушіліктерді күш қолдану арқылы шешуге жол бермеу қажеттігін атап өтті.
Оның айтуынша, бұған дейін парламентті айналып өтіп, жарлық арқылы басқару тәжірибесі қалыптасқан. Сондай-ақ билік тармақтарының өзара тепе-теңдік жүйесі бұзылғанын айтып, мұндай жағдайдың қайталанбауы тиіс екенін жеткізді.
Андраш Бака президенттің барлық мәселені тікелей шешуге өкілеттігі жоқ екенін, алайда мұқтаж топтардың мүддесін барынша кеңінен қорғау және олардың мәселесін қоғамға жеткізу оның міндеті екенін атап өтті.
Венгриядағы президент қызметі негізінен өкілдік және салтанатты функцияларды атқарады. Бұл қызмет Тамаш Шуйок отставкаға кеткеннен кейін босады. Оның отставкасын елдің жаңа премьер-министрі Петер Мадьяр талап еткен.
Айта кетейік, Мадьяр президенттікке шахмат тарихындағы ең табысты әйел гроссмейстер Юдит Полгарды ұсынуды жоспарлаған. Алайда ол бұл ұсыныстан бас тартты.
13 тамыз 2026 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 761
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930