» » Мажарстанның жаңа премьері президенттің отставкаға кетуін талап етті

Мажарстанның жаңа премьері президенттің отставкаға кетуін талап етті

Мажарстанның жаңа премьер-министрі Петер Мадьяр ел президенті Тамаш Шуйокты лайықсыз деп атап, қызметінен кетуге шақырды. Бұл туралы премьер Шандор сарайында президентпен өткен кездесуден кейін X желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мадьярдың пікірінше, Шуйок заңдылықтың кепілі болуға қабілетсіз әрі моральдық тұрғыдан үлгі бола алмайды. Осыған байланысты премьер жаңа үкімет жасақталғаннан кейін президенттің дереу отставкаға кетуі тиіс екенін жеткізді.
Өз кезегінде Тамаш Шуйок билікті тапсырудың мүмкін мерзімі ретінде мамыр айының алғашқы аптасын атаған. Алайда Мадьяр билік ауысуы мүмкіндігінше жедел жүзеге асуы керектігін айтып отыр. Егер президент өз еркімен кетпесе, үкімет конституциялық өзгерістер енгізіп, оны қызметінен кетіруге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұрынғы премьер Виктор Орбан ықпалында болған жүйеден толық арылу қажеттігін айтты.
Жаңа премьер бұған дейін мемлекеттік БАҚ-тағы жаңалық қызметтерінің жұмысы уақытша тоқтатылатынын да мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл құрылымдар ұзақ жылдар бойы бұрынғы биліктің үгіт құралына айналған.
45 жастағы Петер Мадьяр 12 сәуірде өткен сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетіп, сайлаушылардың үштен екісінің қолдауына ие болды. Ол елді «қайтадан еуропалық мемлекетке айналдыруға» уәде беріп, экономиканы жандандыру, денсаулық сақтау жүйесін реформалау және жемқорлықпен күресуді негізгі бағыттардың бірі ретінде атады.
Айта кетейік, Мажарстанда президентті парламент сайлайды және ол негізінен рәсімдік қызмет атқарады. Дегенмен мемлекет басшысы Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы болып саналады, заң жобаларын ұсыну және референдум жариялау құқығына ие.
16 сәуір 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 890
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930