» » Мажарстан министрін қабылдады

Мажарстан министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне жұмыс сапары аясында елордаға келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрі Петер Сийартоны қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстанның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық ынтымақтастығын дамытудың перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы мажарстандық дипломатқа ілтипат білдіріп, Премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін басқарушы «ФИДЕС» альянсын жуырда өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық салада  мүмкіндік мол екенін ерекше атап өтіп, Будапештпен арадағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты.
Мемлекет басшысы министрге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар, Жаңа Қазақстан құру туралы, сондай-ақ Конституцияға түзетулер енгізу үшін референдум өткізуге дайындық жөнінде мәлімет берді.
Петер Сийарто өз елінің басшылығын құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді. Министрдің айтуынша, басқарушы партияның жеңісі Мажарстанның дербес әрі тәуелсіз сыртқы саясатын одан әрі жүзеге асыру тұрғысынан маңызды.
Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз елінің Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайта  түсуге бейілді екенін жеткізді. Мажарстан басшылығының Қазақстан Президентін Будапештке сапармен келуге шақырғанын еске салды.
Петер Сийарто Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Жаңа Қазақстанды құру үшін жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды Виктор Орбанның қолдайтынын жеткізді.
Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін Мемлекет басшысы Премьер-министр Виктор Орбанның шақыруы бойынша Мажарстанға қарымта сапармен баруға дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Сийарто халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңадан сайланған Мажарстан Президенті Каталин Новакқа және Премьер-министр Виктор Орбанға жүрекжарды сәлемін жолдады.
Қапшағайға Қонаев аты берілді
Қапшағай қаласының атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді. Бұл туралы Ақорда.kz хабарлады.
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын», – делінген Жарлықта.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
04 мамыр 2022 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031