» » Венгрияда жаңа саяси кезең: Орбан жеңілісін мойындады

Венгрияда жаңа саяси кезең: Орбан жеңілісін мойындады

Венгриядағы парламенттік сайлауда оппозициялық «Тиса» партиясы сенсациялық жеңіске жетті. Партия жетекшісі Петер Мадьяр айқын басымдыққа ие болып, жаңа парламентте дауыстың басым көпшілігіне қол жеткізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ал 16 жыл бойы билікте болған премьер-министр Виктор Орбан жеңілісін мойындап, қарсыласын жеңісімен құттықтады. Ол «Фидес» партиясымен бірге енді оппозицияда отырып, елге қызмет етуді жалғастыратынын мәлімдеді. Орбан сайлау нәтижелерін «ауыр» деп бағалағанымен, олардың айқын екенін атап өтті.
Алдын ала қорытындыларға сәйкес, бюллетеньдердің шамамен 99%-ы саналғаннан кейін «Тиса» партиясы 199 мандаттың 138-ін иеленіп отыр. Бұл көрсеткіш партияға парламентте үштен екі, яғни конституциялық басымдық алуға мүмкіндік береді. Ал «Фидес» партиясы 54-орынға ие болса, «Mi Hazánk» (Біздің Отан) партиясына 6 мандат бұйырған. Венгрия заңнамасына сәйкес, партиялар парламентке өту үшін 5% межеден асуы тиіс.
Сайлаудың ресми нәтижелері 18 сәуірге дейін толық жариялануы керек. Дегенмен, соңғы есепті күтпей-ақ Орбан қарсыласын жеңісімен құттықтап үлгерді.
Жеңіс митингінде Будапешттің орталығында сөз сөйлеген Мадьяр: «Біздің қолымыздан келді!» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – тек партияның ғана емес, бүкіл Венгрия халқының ортақ жеңісі. «Біз бірге Венгрияны азат еттік, Орбан режимін құлаттық», деді ол жақтастарының алдында.
Сайлау ел тарихындағы ең жоғары белсенділікпен өтті. Дауыс беру аяқталуына екі сағат қалғанда қатысу деңгейі 74,23%-ға жетіп, кейін рекордтық көрсеткішке ұласқаны айтылды. Сарапшылар мұны қоғамдағы өзгеріске деген сұраныстың артқанымен байланыстырады.
Мадьяр алдағы уақытта жемқорлықпен күресті күшейтіп, жүйелі реформалар жүргізуге, жаңа конституция әзірлеуге ниетті. Сонымен қатар, ол Венгрияның сыртқы саясатына өзгерістер енгізіп, Еуроодақ пен НАТО аясындағы серіктестікті күшейтуді көздейтінін жеткізді.
13 сәуір 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 530

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930