» » Оңтүстік Корея президенті отставкаға жіберілді

Оңтүстік Корея президенті отставкаға жіберілді

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Конституциялық сот шешімімен лауазымынан шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Корея президенті 2024 жылдың 3 желтоқсанында ел көлемінде әскери жағдай жариялаған болатын. Бұған халық наразылығын білдірді. Ізінше Оңтүстік Корея Парламенті өзара уағдаласып, істі дауысқа салып, алты сағаттан асып жығылған әскери режімнің күшін жойды. 
Мұнан кейін ел президентіне халық пен үкіметтің наразылығы арта түсті. Ақыры оппозиция Юн Сол Ельдің отставкаға кетуін талап етті. Бұған қоса президентке импичмент жарияланатыны айтылды. Бұл оның басқа мемлекеттік қызмет атқаруын заңмен шектейтін жаза. 
Енді Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Жаңа мемлекет басшысы алпыс күн ішінде, яғни 3 маусымға дейін сайлануы тиіс. Сол уақытқа дейін ел президентінің міндетін премьер-министр Хан Док Су атқарады.
05 сәуір 2025 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 231
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 782

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930