» » «Заң мен Тәртіп» Әділетті Қазақстанның іргетасына айналады – Халық партиясы

«Заң мен Тәртіп» Әділетті Қазақстанның іргетасына айналады – Халық партиясы

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Магеррам Магеррамов Қазақстан Халық партиясының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстарын талқылауға белсенді қатысып жатқанын және Ата заңға өзгерістер енгізу тарихи маңызды процесс деп санайтынын атап өтті.
Ол елді жаңартудың негізгі элементтерінің бірі – пропорционалды негізде құрылатын бір палаталы парламент құру жөніндегі ұсыныс екенін айтты. Партияның пікірінше, бұл ұсыныс саяси дискуссияны жандандырып, партиялардың мемлекеттік саясатқа әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.
«Бір палаталы парламентте пропорционалды сайлау жүйесі – бұл, сөзсіз, саяси партияларды нығайту, олардың мемлекеттік саясатқа ықпалын арттыру. Көппартиялық өкілдік – өкілдік демократияның көрсеткіші және саяси жүйенің тұрақтылығының негізі», — деді Магеррамов.
Ол сондай-ақ жаңа парламенттік жүйе заң шығарушы органның ықпалын күшейтетінін және саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететінін, ал «Заң мен Тәртіп» қағидатын Конституцияда бекіту азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің теңгерімді үйлесімін қалыптастыратынын атап өтті.
«Заң тәртіпсіз күшін жоғалтады, ал заңсыз тәртіп озбырлыққа айналады. Сондықтан «Заң мен Тәртіп» – әділетті қоғамның ажырамас құрамдас бөліктері және азаматтардың қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілі», — деп қосты ол.
Сөзінің соңында Магеррамов Конституцияға енгізілетін ұсынылған өзгерістер тиімді парламент құруға мүмкіндік беретінін және қоғамдық дамудың негізгі факторы болатынына сенім білдірді.
26 қаңтар 2026 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 778
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930