» » Португалияда соңғы 20 жылда алғаш рет социалист президент сайланды

Португалияда соңғы 20 жылда алғаш рет социалист президент сайланды

Фото: ашық дереккөз
Португалияда өткен президенттік сайлауда Социалистік партияның кандидаты Антониу Жозе Сегуру жеңіске жетті. Euronews мәліметінше, сайлаудың екінші турында ол 66,8% дауыс жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның қарсыласы – ультраоңшыл Chega партиясының көшбасшысы Андре Вентура 33,2% дауыс алып, жеңілгенін мойындады. Вентура Сегуруды жеңісімен құттықтағанымен, алдағы уақытта елдегі билік өз партиясына өтетініне сенімді екенін мәлімдеді.
Антониу Жозе Сегуру соңғы 20 жылда Португалияда сайланған алғашқы социалист президент атанды. Жеңістен кейін сөйлеген сөзінде ол үкіметпен текетіреске бармай, керісінше, ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.
«Мен билікпен бірлесе жұмыс істеймін және бұл уәдемде тұрамын. Үкіметке қарсы шықпаймын, алайда қабылданатын шешімдер мен олардың нәтижесіне қатысты талап қоя білетін президент боламын», деді Сегуру.
Президенттік сайлаудың бірінші кезеңі 18 қаңтарда өткен. Онда кандидаттардың ешқайсысы 50%-дан жоғары дауыс жинай алмаған. Бұл Португалияда 1986 жылдан бері алғаш рет тіркелген жағдай. Бірінші турда Сегуру 31,1%, ал Вентура 23,5% дауыс жинаған.
Андре Вентураны 1,5 миллионнан астам сайлаушы қолдаған. Бұл – 2019 жылы құрылған Chega партиясы үшін ең жоғары нәтиже. Қазіргі таңда партия парламенттегі ең ірі оппозициялық күш болып отыр.
Айта кетейік, Португалия президенті негізінен өкілдік функцияларды атқарады. Дегенмен ол парламент қабылдаған заңдарға вето қоюға, ал ерекше жағдайларда парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындауға құқылы.
Антониу Жозе Сегурудың инаугурациясы 9 наурызға жоспарланған.
09 ақпан 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930