» » Иран: АҚШ біздің зымырандар қайда өндірілетінін білмейді

Иран: АҚШ біздің зымырандар қайда өндірілетінін білмейді

Фото: istockphoto.com
Иран Қарулы күштерінің ресми өкілі Әболфазл Шекарчидің мәлімдеуінше, АҚШ Иранның зымырандары қай жерде өндірілетінін білмейді, деп хабарлайды Egemen.kz
Оның айтуынша, елдегі зымыран өндірісі қақтығыстың қызған шағында да, кейін қол қойылған келісімнен соң да бір сәтке тоқтамаған.
Сонымен қатар Иранның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті БАҚ маусым айында АҚШ шабуылдарының салдарынан 53 бейбіт тұрғын қаза тауып, 592 адам жараланғанын хабарлады.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазындағы кемелерге шабуыл жасаған әрбір жағдайға жауап ретінде АҚШ Ирандағы бір көпірді немесе бір электр стансасын жоятындығын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта АҚШ-тың Иранға жасаған әскери соққылары 11-күн қатарынан жалғасып жатыр. Өз кезегінде Иран Таяу Шығыстағы америкалық нысандарға шабуылдар жасауда.
23 шілде 2026 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031