» » Ормұз бұғазында соңғы үш күнде коммерциялық кемелер саны күрт қысқарды

Ормұз бұғазында соңғы үш күнде коммерциялық кемелер саны күрт қысқарды

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің күшеюінен кейін Ормұз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелер саны үшінші күн қатарынан азайды. Сарапшылар керісінше жасырын транзит көлемінің артқанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иран мен АҚШ арасындағы жағдайдың қайта ушығуы Ормұз бұғазы арқылы өтетін теңіз тасымалына әсер етті. Соңғы үш күнде бұл бағыттағы коммерциялық кеме қозғалысы айтарлықтай кеміген.
Теңіз жүк ағындарын бақылайтын Windward компаниясының мәліметінше, соңғы 12 сағат ішінде бұғаз арқылы небәрі алты кеме өткен. Ал бірнеше күн бұрын бұл көрсеткіш 22 кемеге дейін жеткен.
Сарапшылардың айтуынша, ресми қозғалыс көлемі азайғанымен, жасырын транзиттің үлесі артып келеді. Қауіпсіздік мақсатында кейбір экипаждар орналасқан орнын көрсететін GPS-транспондерлерін өшіріп, бағыттарын құпия ұстауға тырысуда.
Мұндай тәсіл кемелердің ықтимал шабуыл қаупін азайту үшін қолданылып жатыр. Сарапшылардың бағалауынша, қазіргі таңда GPS жүйесін өшіріп қозғалатын кемелер жалпы трафиктің шамамен 40%-ын құрайды.
Ормұз бұғазы – әлемдік мұнай тасымалының негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан өңірдегі кез келген геосаяси шиеленіс халықаралық теңіз саудасы мен энергетикалық нарыққа тікелей ықпал етеді.
Еске салайық, бұған дейін Иран билігі Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алынатын алымдарды 60 күнге тоқтатқанын хабарлаған едік.
12 шілде 2026 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 025
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 249

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031