» » АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады

АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады

Пәкістан билігі АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісім жасалғанын хабарлады. Сонымен қатар Ливанда атысты тоқтату жөнінде де келісімге қол жеткізілгені айтылды. АҚШ президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазы арқылы теңіз қатынасы қайта жанданатынын мәлімдеді. Бұл келісім жаһандық мұнай нарығына бірден әсер етті. Соның нәтижесінде қара алтын бағасы 4 пайыздан астам төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны бір баррель үшін 84 доллардан төмен түссе, WTI маркасының бағасы 81 долларға дейін арзандады.
Келісім туралы жаңалық Азия қор биржаларында оң серпін туғызды. Атап айтқанда, Жапонияның Nikkei индексі 3,5 пайызға өссе, Оңтүстік Кореяның KOSPI индексі 5 пайыздан астам жоғарылады.
Сарапшылардың пікірінше, энергия тасымалдаушылары бағасының төмендеуі әлемдік экономикадағы инфляциялық қысымды бәсеңдетуі мүмкін. Дегенмен Иран мұнайының әлемдік нарыққа бұрынғы көлемде қайта оралуы белгілі бір уақытты қажет етеді.
Айта кетейік, бұған дейін Иран мен АҚШ келіссөздерінің тоқтауы мұнай бағасын күрт өсірген болатын.
Ал ОПЕК+ елдері шілдеден бастап мұнай өндіру көлемін арттырады.
15 маусым 2026 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 833
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930