» » Иран мен АҚШ екі апталық бітімге келді: Ормұз бұғазы ашылады

Иран мен АҚШ екі апталық бітімге келді: Ормұз бұғазы ашылады

Фото: Shutterstock Gen AI/Shutterstock.com
Екі аптаға созылатын уақытша бітім аясында Иран Ормұз бұғазын қайта ашуға дайын. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ресми мәлімдемеге сәйкес, Тегеран АҚШ пен оның одақтастары Иранның ұлттық инфрақұрылымына бағытталған шабуылдарын тоқтатқан жағдайда, бұғаз акваториясындағы әскери әрекеттерін уақытша тоқтатуға келісіп отыр. Шарт мерзімі аяқталуға екі сағат қалғанда, яғни АҚШ Иранның көпірлері мен электр станцияларына соққы беруді жоспарлаған сәтте, бұл келісімді Дональд Трамп растады.
Келісім кезеңінде Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданып, қозғалыс Иран күштерінің техникалық бақылауында болады. Сонымен қатар, Израиль де атысты тоқтату шарттарын сақтауға міндеттеме алған.
The New York Times басылымының жазуынша, Тегеран бұғаз арқылы өтетін әрбір кемеден шамамен 2 миллион доллар көлемінде алым алуды көздеп отыр. Бұл қаражат Оманмен бөлісіліп, соғыс салдарынан қираған нысандарды қалпына келтіруге бағытталмақ. Осылайша, Иран билігі Вашингтон мен Тель-Авивтен тікелей өтемақы талап етуден бас тартуды жоспарлап отыр.
09 сәуір 2026 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 763
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930