» » Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді

Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді


Украина мен Германия жалпы құны 4 млрд еуроны құрайтын жаңа ынтымақтастық пакетін бекітті. Жаңа келісім аясында Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге бағытталған маңызды қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, Patriot жүйесіне арналған жүздеген зымырандар қаржыландырылады және қалалар мен инфрақұрылымды қорғау мақсатында 36 дана IRIS-T қондырғысы жеткізіледі.
Сонымен қатар 300 млн еуро алыс қашықтыққа соққы беру мүмкіндіктерін дамытуға бөлінеді. Бұл қаражат елдің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған.
Келісімнің тағы бір маңызды бөлігі – жасанды интеллект негізіндегі дрондарды бірлесіп өндіру жобасы. Алғашқы кезеңде Украина Қорғаныс күштері үшін 5000 дана AI-дрон шығару жоспарланған.
Жалпы бұл ынтымақтастық пакеті екі елдің қорғаныс саласындағы серіктестігін күшейтіп, Украинаның қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
15 сәуір 2026 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 284
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30