» » Соғыс 2025 жылдан кешіктірілмей аяқталады – Зеленский

Соғыс 2025 жылдан кешіктірілмей аяқталады – Зеленский

Украинадағы соғыс 2025 жылы аяқталуы мүмкін. Мұндай болжамды Украина президенті Владимир Зеленский Хорватияда өткен саммитте мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сөзінше, соғысты 2025 жылдан кешіктірмей аяқтау үшін шешуші шаралар қабылданбақ.
“Президент Байденнің әрекетін күтеміз, біз Ұлыбритания, Франция, Германия және Италияның соғысты тоқтатуға бағытталған қадамдарын күтеміз", – деді Зеленский.
Саммитте Киев пен Загреб арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Хорватия миналардан тазарту және жаралыларды сауықтыру үшін көмек көрсетуге, сондай-ақ Украинаның Еуропалық Одақ пен НАТО-ға қосылуын қолдауға уәде берді.
Содан кейін Зеленский Еуропа елдеріне сапары аясында Ұлыбритания және НАТО жетекшілерімен "жеңіс жоспарын" талқылау үшін кездесті.
Келіссөздерге Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер мен НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттеден басқа, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми, қорғаныс министрі Джон Хили және қарулы күштер басшысы адмирал Тони Радакин де қатысты.
Лондондағы келіссөздерден кейін Зеленский Францияға барып, президент Эммануэль Макронмен кездесті. Украина басшысы Италияға барар алдында Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен "жеңіс жоспарын" талқыламақ.
11 қазан 2024 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930