» » Үндістан алғашқы гипердыбысты зымыранын сынақтан сәтті өткізді

Үндістан алғашқы гипердыбысты зымыранын сынақтан сәтті өткізді

Үндістан гипердыбысты зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Үндістан үкіметі Қорғаныс зерттеулері мен әзірлемелері ұйымы 16 қараша күні кешке Одиша штатында зымыранын сынақтан өткізгені туралы хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үндістан билігінің айтуынша, зымыранның ең жоғары ұшу қашықтығы – 1500 шақырым.
Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатх Сингх өткізілген сәтті сынақты елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда "маңызды кезең" деп бағалады.
"Бұл – тарихи сәт және маңызды жетістік. Ол елімізді осындай маңызды және заманауи әскери технологияларға ие таңдаулы мемлекеттердің қатарына енгізді", – деп жазды Үндістанның қорғаныс министрі X желісінде.
Айта кетейік, Ресей өз қару-жарағында гипердыбысты қару бар екенін және Украинаға соққы жасау үшін "Циркон" мен "Кинжал" зымырандарын қолданатынын мәлімдеді. Гипердыбысты зымырандардың сәтті сынақтары туралы бірнеше жыл бұрын Қытай мен АҚШ та хабарлаған еді.
Bloomberg-тің хабарлауынша, бұл саладағы зерттеулерді Үндістаннан басқа Аустралия, Франция, Германия және Солтүстік Корея да жүргізіп жатыр.
18 қараша 2024 ж. 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031