» » АҚШ пен Украина бірлескен инвестициялық қор құрды

АҚШ пен Украина бірлескен инвестициялық қор құрды

Бүгін АҚШ пен Украина арасында елдің табиғи ресурстарын бірлесіп игеру және соғыстан қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру мақсатында инвестициялық қор құру туралы маңызды келісім жасалды. АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент пен Украина премьер-министрінің орынбасары Юлия Свириденко бұл келісімге ресми түрде қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл келісімді ел болашағы үшін маңызды оқиға деп атады.
«Бұл жай ғана кездесу емес, Украина үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын тарихи келісім. Екі тараптың тең құқығын және әділет принципін ескере отырып жасалды. Бұл келісім елімізге ірі инвестициялар тартуға, өндірісті жаңғыртуға және заң жүйемізді жетілдіруге мүмкіндік береді», деді Зеленский.
Келісім аясында АҚШ Украинадағы 20-ға жуық стратегиялық шикізат түріне қол жеткізуді көздеп отыр. Олардың қатарында мұнай, газ, титан, уран, литий, графит және марганец бар.
Айта кетейік, аталған ресурстардың авиациялық өндіріс, ядролық отын, электромобиль батареясы, медициналық жабдықтар және қару-жарақ өндірісі үшін аса маңызды екені атап өтілген.
Жаңа инвестициялық қор Украина экономикасын қалпына келтіруге серпін беріп, елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған.
02 мамыр 2025 ж. 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930