» » Палестинаны мойындаған мемлекеттер саны артты

Палестинаны мойындаған мемлекеттер саны артты

Фото: Depositphotos.com
Әлемдік аренада Палестинаны мемлекет ретінде тану қарқыны күшейді. Соңғы аптада Еуропаның бірқатар елдері – Франция, Люксембург, Мальта, Монако, Андорра, Сан-Марино және Бельгия ресми түрде Палестинаны мойындады. Бұған дейін Канада, Австралия, Португалия және Ұлыбритания да осындай қадам жасаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі таңда БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің ішінде шамамен 160-ы Палестинаны дербес мемлекет ретінде таниды. Бұл әлем қауымдастығының төрттен үшінен астамын құрайды. Сонымен қатар Ватикан да Палестинаны қолдап, БҰҰ жанында бақылаушы мәртебесін сақтап отыр.
Палестина тәуелсіздігін алғаш рет 1988 жылы Ясир Арафат Алжирде жариялаған еді. Содан бері Азия, Африка, Латын Америкасы және араб мемлекеттері жаппай қолдау білдірген. Қазір бұл үрдіске Еуропа мен англосаксон елдері қосылып, географиясы кеңейіп отыр.
Саясаттанушылардың пікірінше, мұндай мойындаулар Палестинаның халықаралық мәртебесін күшейтіп, елшіліктер ашуға, сауда байланыстарын дамытуға және түрлі ұйымдарда қолдау табуға жол ашады. Дегенмен, Израильмен қақтығысты шешу бір күнде мүмкін емес.
Израиль тарапы жаңа шешімдерді сынға алып отыр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху палестиналық мемлекеттілікті жоққа шығарса, елдің БҰҰ жанындағы өкілі Дэнни Данон бұл қадамды «терроризмді марапаттау» деп бағалады. АҚШ болса бұрынғы ұстанымын сақтап, Палестинаны тек келіссөздер нәтижесінде пайда болатын жағдайда ғана қолдайтынын мәлімдеді.
01 қазан 2025 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930