» » Италия шетелдік туристер үшін шекарасын ашты

Италия шетелдік туристер үшін шекарасын ашты


Италия еуропалық туристер үшін мемлекет шекарасын қайта ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Италия

Бұл туралы The Local басылымы жазыпты. 
Елде бұған қоса өңірлер арасындағы қозғалыс қайта жанданған. 
Басылмының мәліметіне сүйенсек, Италия билігі Еуроодақтың 26 мемлекеті, Шенген ауданына кіретін Исландия, Норвегия, Лихтенштейн мен Швейцария елдерінен бөлек, Ұлыбритания, Андорра, Монако, Сан-Марино және Ватиканнан келген азаматтарды міндетті карантинге жатқызу туралы шешімнен бас тартыпты. 
Алайда егер аталған мемлекеттердің азаматтары рұқсат берілмеген басқа елден келген болса, 14 күндік карантинге жабылатын сыңайлы. 
Еуроодаққа кірмейтін мемлекеттер үшін Италия 15 маусымға дейін жабық болмақ. 
Атап кетерлік жайт, Италия коронавирустан ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі күні мемлекетте 234 мың адам індет жұқтырып, олардың 160 мыңы аурудан айыққан. Жалпы алғанда 33,5 мың адам кеселден көз жұмған.
05 маусым 2020 ж. 818 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

22 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 341
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 863

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930