» » Әлемдегі ең қауіпсіз ел қай ел

Әлемдегі ең қауіпсіз ел қай ел

2025 жылға арналған Numbeo қауіпсіздік индексі бойынша Біріккен Араб Әмірліктері мен Андорра ең қауіпсіз мемлекеттер ретінде танылды. Бұл рейтинг әлем елдеріндегі құқықтық тәртіп, саяси тұрақтылық және қылмыс деңгейінің төмендігі сияқты көрсеткіштер негізінде жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың айтуынша, көшбасшы елдерде құқық қорғау органдарының тиімділігі, қоғамдық тәртіпті сақтау деңгейі жоғары және қылмыс аз тіркеледі. Мұндай факторлар бұл мемлекеттерді шетелдік инвесторлар, экспаттар мен туристер үшін тартымды етеді.
Қауіпсіздік деңгейі ең жоғары елдер бестігі (балдық көрсеткішпен):
  • БАӘ – 85,2;
  • Андорра – 84,8;
  • Катар – 84,6;
  • Тайвань – 83;
  • Оман – 81,8.
Ал керісінше, қауіпсіздігі ең төмен елдер қатарына қылмыс жиі тіркелетін, құқықтық жүйесі әлсіз және саяси тұрақсыз мемлекеттер енген:
  • Папуа – Жаңа Гвинея – 19,3;
  • Гаити – 19;
  • Венесуэла – 19,5;
  • Ауғанстан – 24,8;
  • Оңтүстік Африка – 25,4.
Ал АҚШ 91-орыннан көрініп, 50,8 балл жинаса, Ұлыбритания 86-орынға жайғасқан (51,76 балл). Қауіпсіздік көрсеткіштерінің төмен болуына қылмыстың өсуі, әсіресе ірі қалалардағы жағдай мен халықтың құқық қорғау органдарына сенімінің азаюы әсер еткен.
Numbeo қауіпсіздік индексі азаматтардың өз елдеріндегі қауіпсіздік жайлы субъективті бағалауларына негізделген. Рейтингке биыл 146 ел енген.
01 тамыз 2025 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

10 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 832
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 518

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930