» » Беларусь Шанхай Ынтымақтастық ұйымының қатарына ресми түрде қосылды

Беларусь Шанхай Ынтымақтастық ұйымының қатарына ресми түрде қосылды

Беларусь мемлекеті ресми түрде Шанхай Ынтымақтастық ұйымының қатарына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінің ашылуында Беларусь Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүше ретінде қабылданды. 9 елдің басшысы арнайы құжатқа қол қойды. Енді Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттердің саны 10-ға жетті.
Президент Тоқаев Беларусь қысқа уақыт ішінде ШЫҰ-ға толық қатысу үшін барлық рәсімдерді орындағанын атап өтті. Беларусь Республикасы 2010 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысып келеді. Алғаш диалог бойынша әріптес болса, кейіннен бақылаушы мәртебесін иеленді. 
Еске салсақ, іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның Мемлекет пен Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысып отыр. 
Саммитке, сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылған. ШЫҰ саммиті алғаш рет "ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы" және "ШЫҰ+" кездесуі форматында бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатыр.
04 шілде 2024 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 869
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30