» » ШЫҰ: Өзара ынтымақтастықтың жаңа өрісі

ШЫҰ: Өзара ынтымақтастықтың жаңа өрісі



Syrboyi.kz. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.
Мемлекет басшысы Қырғыз Республи­ка­сының Президенті Сооронбай Жээнбековке жылы қарсы алғаны және саммитке жоғары деңгейде дайындалғаны үшін риза­шылық білдіріп, саммитте қабыл­данған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдер арасындағы кооперацияны нығайтуға септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.
Мемлекет басшысы халықаралық қаты­настар жүйесінің трансформациясы көпжақты бірлестіктер қызметтерінің мейлінше теңес­тірілген және айқын қағидаттарын жасау қажеттігін көрсететініне тоқталып, осыған байланысты өзінің пікіріне сәйкес ШЫҰ-ның басты міндеттерін атап өтті.
– Біріншіден, ШЫҰ кеңістігінде өзара сенімді, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында конструктивті диалог пен өзара іс-қимылдарды нығайту маңызды болып қала беруі тиіс. Осыған байланысты, ШЫҰ стратегиясы шеңберінде 2018-2022 жылдарға арналған Іс-қимылдар жоспарын, Ұзақ мерзімді тату көршілік туралы келісімді, достық пен ынтымақтастықты толыққанды жүзеге асыру керек, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үш диалог» жөніндегі бастамасының дер кезінде айтылғанын және осы ретте Еуразиялық экономикалық одақ, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекет­терінің ассоциациясы, БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы) және Еуропалық одақ  сияқты Еуразияның көпжақты негізгі құрылымдарымен толық­қанды қарым-қатынасты орнатып кеңейту арқылы Ұйымның халықаралық бәсе­кеге қабілетін арттыру қажеттігін атап өтті.
– Экономикалық өсім баяулаған әрі әлемдік нарықтағы қаржылық тұрақсыздық жағдайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының зор әлеуетін бұдан да тиімді пайдалану қажет. Оған сегіз жақты Еуразиялық қаржылық кеңесшілік механизмін құру септігін тигізеді деп есептейміз. Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасында қол қойылған Меморандум ШЫҰ елдерінің қаржы жүйесін дамытуда АХҚО-ның бірегей инновациялық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті отырысқа қатысу­шылардың назарын аймақ­тағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне аударды. Оның пікірінше, сәуір айында ШЫҰ-ға әрі әріптес-ел – Шри-Ланкада болған лаңкестік оқиға Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы аясында Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру туралы бастамасының қажеттілігін дәлелдеді. 
– Сондай-ақ, лаңкестік мәселесі жаһан­дық желіде көрініс берді, сондықтан, кибер­қауіпсіздікті қам­тамасыз етуді де күшейту  қажет етеді. ШЫҰ ақпараттық қауіпсіздік жө­ніндегі Орталығын құру Ұйымның ақ­параттық кеңістігін қорғау ісіне қосқан маңызды үлес болар еді. Тәжірибесі мен өзін­дік ерекшелігін ескерсек, бұл мәселені реттеуге ШЫҰ-ның лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымы қауқарлы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жеке тоқталып, осы саладағы ынтымақтастық үшін тұрақты жұмыс істейтін платформа құруды ұсынды.
 Қазақстан Президенті сөзінің соңында бітім­герлік қызмет еліміздің халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жөнін­дегі сыртқы саясатының ажырамас бөлігі екенін айтып, ШЫҰ-дағы әріптестерге БҰҰ аясындағы Қазақстанның бітімгерлік бо­йынша бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

15 маусым 2019 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031