» » Түркі дүниесіне ортақ музей кеңістігі құрылады

Түркі дүниесіне ортақ музей кеңістігі құрылады

Түркітілдес елдер енді тарихи-мәдени нысандарға ортақ бір куәлікпен кіре алады. Бұл бастама Түркияда іске асырылады – мұнда «Түркі музей картасы» әзірленіп жатыр. Жоба Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының туризмге жауапты министрлерінің Х отырысында жан-жақты талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Басқосуда ортақ туристік бағыттар, «Түркі Жібек жолы» сынды маңызды жобалар да қаралды. Тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, тарихи құжат – «Анкара декларациясын» қабылдады. Ортақ музей картасын жасау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
Келісілген шешімдер негізінде Анкара қаласы 2026 жылы Түркі дүниесінің туристік астанасы болып жарияланды.
Мамандардың айтуынша, «Түркі музей картасы» туристердің тарихи-мәдени ескерткіштерге қолжетімділігін жеңілдетіп қана қоймай, бауырлас халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтады. Сонымен қатар, бұл бастама туризмнің табысын еселеп, экономикалық ықпалдастықтың да артуына жол ашады.
12 шілде 2025 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930