» » «Түркі әлемінің тарихи-мәдени атласы» атты жинақ жарық көрді

«Түркі әлемінің тарихи-мәдени атласы» атты жинақ жарық көрді

Елордада «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен «Түркі әлемі: тарихи-мәдени Атлас» жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz




Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің айтуынша, атлас Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылып шығарылған.
Жинақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысөзімен шыққан. Сонымен бірге әйгілі саяхатшылар мен жиһанкездер дайындаған көне карталар мен ата-бабаларымыздың мол мұрасын көрсететін маңызды мәліметтермен толықтырылған.

1

«Таяуда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы шыққаны белгілі, сонымен тұстас келуінің де мәні зор деп есептейміз. Себебі мақалада Президент бізге бұл жерді ешкім сыйға тартқан жоқ деп айтты. Бүгінгі атлас − оның жарқын айғағы. Өйткені атласта 200-ден астам карта мен тарихи құжаттар бар және осы географиялық аумақтағы тарихи-мәдени жетістіктерді паш етеді. Жалпы атлас Елбасының алғысөзімен шықты және Елбасының Түркі кеңесі саммитінде берген тапсырмасы негізінде жарық көрді», деді Дархан Қыдырәлі.

1

Бұдан өзге, халықаралық конференцияда ТүркПА ұйымының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов оқырманға жол тартқан басылымды жоғары бағалап, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бағдарламалық мақаласындағы орамды ойлардың тарихы ортақ бауырлас елдер үшін маңызды екенін тілге тиек етті.
Ал Түркі кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынжы қазіргі Сібір, Моңғолия жерлерінен Қара теңіз бен Жерорта теңізіне дейінгі алып аумақты қоныстаған түркі халықтарының мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан бірегей мәдениетіне тоқталды.
«Бүгінде жеті түркі мемлекетінің байрағы асқақ рухпен желбіреп тұр. Енді оларды ешкім құлата алмайды», деді бейнебайланыс арқылы баяндама жасаған Х.Акынжы.
Өз кезегінде Әзербайжанның алғашқы Үкімет басшысы Гасан Гасанов жиын қатысушыларын алғашқы тарихи-мәдени атластың жарық көруімен құттықтап, Халықаралық Түркі академиясына ризашылығын білдірді.

1

Одан бөлек, алқалы жиынға Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Коджаман, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев, Франкфурт университетінің профессоры, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің филология институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Невская және өзге де түркітанушы ғалымдар мен сарапшылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.


08 қаңтар 2021 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031