» » Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» деп өзгертті

Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» деп өзгертті

Түркия Ұлттық білім министрлігі тарих пәні бағдарламасына түбегейлі өзгеріс енгізді. «Орталық Азия» термині «Түркістан» терминімен ауыстырылды. Мамандар бұл шешім болашақ ұрпақ бойында ұлттық бірегейлік пен патриотизмді нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz  TRT Haber –ге сілтеме жасап.
Білім министрлігінің ұсынысын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да қолдады.
«Түрік ғасыры» туралы көзқарасымызды Түркі мемлекеттері ұйымына дейін жеткізіп, алдағы кезеңді түріктердің дәуірі ету үшін иық тірестіретін боламыз» деді ол.
Профессор Ахмет Тасағылдың айтуынша  «Түркістан» терминінің тарихи мағынасы «Түріктердің отаны» дегенді білдіреді.  
«Түркістан ұғымын оқулықтарға енгізу өте дұрыс шешім болды. Өйткені, Түркия да, Түркістан да түріктер  басым тұратын аймақ дегенді білдіреді», деп қосты доцент Рамин Садық.
Сарапшы түркі әлемінің ортақ тарихы, географиясы, әдебиеті, картасы мен әліпбиін құруға бағытталған белсенді қадамдар кезеңінде Ұлттық білім министрлігінің «Түркістан» терминін балаларға арналған оқулықтарға енгізу туралы шешімін елеулі өзгеріс деп атады.
Оның пікірінше, бұл - бүкіл түркі әлемі  үшін маңызды бастама.
11 қазан 2024 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 100
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031