» » » МЕМОРАНДУМ МАҚСАТЫ – ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

МЕМОРАНДУМ МАҚСАТЫ – ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін саланың бірі – туризм. Ол – сан ғасырлық тарихи шежіресі бар ұлттық құндылығымыз бен көнеден жеткен асыл көмбеміз саналады. Мұндай рухани, материалдық құндылықтардан біздің өңіріміз де кенде емес. Оның басында күллі түркі әлемінің абызы атанған, әлемдік тарихта ойып орын алатын қобыз атасы – Қорқыт бабамыз тұр.
Қасиетті мекенде 1980-жылдардың басында Қорқыт атамыздың атында мемориалдық кешен ашылып, бүгінгі таңға дейін жұмысын жалғастыруда. Кешенде тарих зерттеушілері, гид қызметі алысжақын елдерден ат арытып келетін туристерге қызмет көрсетіп, көнеден сыр шертетін тарихи мұражай жұмысымен таныстырады.
Қазір жаңа технологиялар мен бастамалардың заманы. Кім жылдам немесе кім озық болса, соның бәсі биік. Жақында аталған мәдени ордада ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Екі жақты қол қойылған ынтымақтастықтың басты мақсаты – бірнеше бағытта, атап айтқанда, бірлескен мәдени-білім беру жобаларын әзірлеп, оны іске асыру, тарих және музей ісі саласында консультацияларды белсенді жүзеге асыру, ақпарат, құжаттама алмасу жұмыстарын жетілдіру, музей ісі саласындағы бірлескен жобаларды дайындап, өзара ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар туғызу.
Алдыға игі мақсаттар мен нақты жоспарлар қойған ауданымыздағы Қорқыт ата атындағы мемориалды музей басшылығы «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Contact Agency» туристік компаниясымен ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыстар жасауға уағдаласты.
С.ДАТ
20 мамыр 2025 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 641
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031