» » Түркияда дауыл соқты: мешіттің мұнарасы қирап, ғимараттар шатыры ұшып кеткен

Түркияда дауыл соқты: мешіттің мұнарасы қирап, ғимараттар шатыры ұшып кеткен

Түркияда дауыл салдарынан провинциялардағы елді мекендер зардап шекті. Ыстамбұлда ағаштар құлап, метроны су басты, ал Чанкырыда қатты жел мешіт мұнарасын қиратты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
4-ші аймақтық метеорология департаментінен алынған мәліметтерге қарағанда, желдің жылдамдығы Анталияның орталығында сағатына 68,4 шақырымға, Кемер аймағындағы Сиглик шамшырағында 118 шақырымға жеткен.
Измирде күшті құйын тіркелді. Ыстамбұлда нөсер жаңбыр салдарынан Бахчелиэвлер ауданындағы метро станциясын су басты.
Дауыл Самсун, Корум, Кастамону, Амасья, Синоп сияқты елді мекендерде де соққан. Мұнда үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлап, көліктерге зақым келген.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
22 сәуір 2024 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 991
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031