Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Қызылордада күшті жел ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті

Қызылордада күшті жел ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті

Қызылорда облысында кеше соққан қатты дауылдың салдарынан Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайлы ҚазАқпарат тілшісі.
Еске салсақ, 21 мамырда Қызылорда облысында шаңды дауыл мен күшті жел соқты. Ауа-райының қолайсыздығынан бірқатар аудандардағы нысандардың шатырына зақым келді.
«Атап айтқанда, Шиелідегі 4 мектеп пен 1 колледж, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылындағы әкімдік, Жаманбай ауылдық клубы ғимараттарының шатыры ұшып кеткен. Сондай-ақ, сол аудандарда электр желісі үзіліп, бірнеше елді мекендер жарықтан ажыраған. Электр желісін қалпына келтіру толық аяқталды. Оқиға орнында арнайы мамандар мен техникалар шұғыл түрде жұмылдырылды. Зардап шеккен азаматтар жоқ. Нысандарда кезекшілік ұйымдастырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, аталған мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында. Қазіргі таңда қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
23 мамыр 2022 ж. 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031