» » COVID-19: Жаңақорған ауданының 4 тұрғынынан анықталды

COVID-19: Жаңақорған ауданының 4 тұрғынынан анықталды

2020 жылдың 31 наурызы сағат 13.00-дегі мәлімет бойынша 325 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында – 175, Алматы қаласында – 82, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысы – 10, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 8, Атырау облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысы – 13, Қызылорда облысы – 8, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 адамнан вирус анықталды.


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың Үндеуінде 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап Қызылорда қаласына көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады. Теміржол қатынасына шектеу 1-сәуірден басталатыны ескертілді. Әрине бұл сақтық шараларын қатаңдатып, вурустың кең таралуын алдын алу үшін маңызды. Бұған облыс аумағында коронавирусты жұқтырғандар саны артуы себеп болғаны анық.

Жаңақорған Ауданы Әкімдігінің фейсбуктағы аккаунтында Жаңақорған ауданында коронавирус індетіне 4 адам тіркеліп, Жаңақорған аудандық аурухананың провизорлық орталығына жатқызылды деген ақпарат шықты, деп жазады Жаңақорған тынысы газетінің сайты. l

Жаңақорған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шынар Айдарованың сөзінше, күдікті науқастармен қарым-қатынаста болған 38 адам медициналық бақылауға алынғаны мәлім болды. Қалған науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда екен.

Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров жаңақорғандықтардың тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Өйткені жалған ақпараттар таратушылар заңмен жазаланатыны белгілі.
31 наурыз 2020 ж. 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031