» » Израиль бірқатар аурудан өлім-жітімнің төмендеуі жағынан АҚШ-тан озды

Израиль бірқатар аурудан өлім-жітімнің төмендеуі жағынан АҚШ-тан озды

Израиль бірқатар аурудан өлім-жітімнің төмендеуі жағынан АҚШ-тан озды
Израиль азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыруға барын салып жатыр.
Қол жеткізген нәтижелері де баршылық. Мамандар ерте диагностикалаудың барлық жүйесін әзірлепті. Бұл өз кезегінде көптеген ауруларды алғашқы кезеңнен анықтап, уақытында емдеуге мүмкіндік береді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Израиль медицинасы алға басып келе жатқанын мойындады. Шағын ғана мемлекет халқының ұзақ өмір сүретіндігімен әлемде 8-ел саналады. Әсіресе ер адамдары әлдеқайда ұзақ ғұмыр кешеді. Жергілікті ғалымдардың пайымына сүйенсек, адамдар қартайғаннан емес, көп жағдайда аурудың салдарынан өмірден өтіп жатады. Бұдан шығатын принцип біреу: аурудың алдын алсаң - ұзақ жасайсың. Жалпы әлем мойындаған Израиль медицинасының өзіндік артықшылығы бар. Ол дәрігерлердің ақпаратпен қамтамасыз етілуінде. Онда науқастың анализдері, дәрігерге қаралу тарихы, операциялары және қабылдаған дәрі-дәрмегі туралы деректің бәрі бірыңғай дерекқорда сақталады. Осындай магниттік картаның көмегімен кез келген дәрігер немесе дәріханадағы фармацевт емделуші жайлы ақпарат ала алады. Әрине ауруды емдеу жеткіліксіз. Бастысы, оның алдын алу. Вакцинациялау Израильде мемлекет жүргізіп отырған саясат боп саналады. Яғни белгілі бір жастан бастап, ел тұрғындары екпе қабылдауға міндеттеледі. Бұл өз кезегінде түрлі дерттерден келетін қауіпті төмендетеді. Ауырмасаң өмір жасың да ұзақ болады деген сөз.
Евгений Шустер, отбасылық дәрігер:
- Соңғы кездері диагностикадан өтіп, гипертоникалық аурудан емделіп жатқан адамдардың саны көбейді. Холестерин немесе қант диабетіне шалдыққандар тексеріліп, тиісті ем-домын алып жатыр. Израиль медицинасы осы санаттағы науқастардың қатарын азайтып, халықтың өмір сүру жасын ұзартуға барын салып отыр.  
Қазір елде жүрек-қан тамырлары ауруынан, инфаркттан және қант диабетінен ажал құшатындардың саны азайған. Бұл жағынан еврей халқы, тіпті Ұлыбритания, Германия, АҚШ-ты да басып озды. Онкология бойынша да бұл мемлекеттің жеткен жетістігі таудай. Қатерлі ісік ауруларынан құлан таза айығып шығатындар да осы мемлекетте көптеп кездесетінін статистика дәлелдеп жүр.
Авраам Котен, Израильдің бас онкологы:
- Иммунотерапияның көмегімен біз көптеген жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл сіз ойлағандай, иммунитетті көтеруге арналған процедуралар емес. Керісінше сыртқы факторлардың көмегімен, рак клеткаларына әсер ететін терапияның ерекше түрі. Өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққандар бұрын ұзақ жасамайтын. Қазір олардың да өмір сүру уақыты біршама ұзарды. 
Мұнда ешқандай да сиқыр жоқ. Тек, сараптаманың нақты хаттамалары бар. Израильдік дәрігерлер науқас келіп анализ тапсырмайынша телефонына тыным бермейді. Бұның гуманизмге немесе альтруизмге ешқандай қатысы жоқ. Тек экономикалық есеп ғана. Ауруды асқындырып алғанша, алғашқы сатысында емдеген жөн. Мемлекетке бұл айтарлықтай арзан түседі.
24.kz


16 мамыр 2018 ж. 1 068 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031