» » Әлем елдеріндегі ғашықтар мерекесі

Әлем елдеріндегі ғашықтар мерекесі

Әлем елдеріндегі ғашықтар мерекесі
Махаббат мерекесі, ғашықтар күні жайлы есітіп пе едіңіз? Әрине, естіген боларсыз. Себебі әлемнің көптеген елдерінде махаббат мерекесі тойланады. Соңғы жылдары елімізде 15 сәуір ғашықтар мерекесі аталып жүр.
Бүгінде бұл мерекені тойлайтын күн де нақтыланып, жұрт жүрегінен орын алып үлгерді. Кезінде қолдаушылармен қатар, қарсы шыққандар да болды. Бұл жайында жазған да едік.
Әрине, 15 сәуір елімізде мемлекеттік мерекелер санатына жатпайды. Ал Грузияда да дәл осы күні ғашықтар мерекесі аталып өтеді екен. Бұл елде мемлекеттік көлемде сипат алған. Сонымен қатар, демалыс күні болып саналады.
Испанияда ғашықтар күніне байланысты бөлінген бір күнді аздық етіп, қасиетті Георгийді (немесе каталон тілінде Сан-Хорди) еске алу күнін ғашықтардың мерекесіне айналдырған. Аңыз бойынша, шауып өлтірген айдаһардан алқызыл раушан өсіп шығып, Георгий оны бейтаныс сұлуға сыйға тартқан. Сол себепті жыл сайын 23 сәуір күні жастар ең әдемі раушан гүлдерін сатып алып, сүйіктілеріне сыйлайды. Ал қыздар оған жауап ретінде жігіттерге кітап (әрине махаббат тақырыбында) береді. Негізінен 23 сәуір күні бұл мерекені каталондықтар тойлайды. Ал испандықтар үшін ғашықтар мерекесі – 1 мамырда.
Израильде де тамыз айының 3 жұлдызында атап өтілетін махаббат мерекесі бар. Алайда бұл мереке ресми күнтізбеде белгіленгенімен, қазіргі кезде халық арасында аса танымалдыққа ие болып үлгермеген. Ғашықтар тек бір-бірін ауызша құттықтап, кішігірім сый-сияпаттар алмасып жатады.
Италия мемлекетінде ғашықтар күнін 14 ақпанда атап өтеді. Оны «тәтті күн» деп атайды. Аты айтып тұрғандай ғашықтар бір-біріне негізінен жүрек формасындағы шоколадтар, печенье мен кәмпиттер сыйлайды.
Ғашықтар мерекесі әлемнің көптеген елдерінде 14 ақпанға белгіленген. Кей елдерде ғана өзге күндері тойланады. Мәселен Бразилияда ғашықтар мерекесі 12 маусымда болса, Жапонияда 7 шілде күні, Уэльсте 25 қаңтарда атап өтіледі. Ал Иран, Сауд Арабиясы мен БАӘ елдерінде ғашықтар мерекесі жоқ.
13 сәуір 2018 ж. 3 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031