» » Туыстар медиация тәртібімен татуласты

Туыстар медиация тәртібімен татуласты

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-бөлігінде азамат Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат  Д. алкогольдік масаң күйде өзінің апасы жәбірленуші К.-ны ұрып-соғып, оның денсаулығына жеңіл дәрежелі дене жарақатын келтірген әрекеттер жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы Д. кінәсін мойындап, әрекетіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрап, медиация тәртібінде татуласуларына байланысты істі тоқтатуды сұрады.
Жәбірленуші К. өзінің інісіне кешірім беріп, өзара медиация тәртібінде татуласқанын айтып, әкімшілік істі тоқтатып, оны жауаптылықтан босатуды сұрады.
Сот қаулысымен  құқық бұзушы Д. әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қармақшы аудандық
сотының баспасөз қызметі
13 қазан 2021 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 981
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031