» » Қармақшы аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Қармақшы аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Қармақшы аудандық сотында азамат Ш.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта азамат Ш.-ның өз үйінде отбасы-тұрмыстық қатынастағы жолдасы Ш.-ны ұрып тән ауруына ұшырататын күш қолдану әрекеттерін жасағаны анықталды.
Сотта істі қарау барысында азамат Ш., өз кінәсін мойындап, азаматша Ш.-дан кешірім сұрап, соттан жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты, әкімшілік жауаптылықтан босатуды және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Аудандық соттың қаулысымен азамат Ш., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 64-бабының негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылып, әкімшілік ісі өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
28 ақпан 2019 ж. 1 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930