» » Канадалық компания қырғыз үкіметіне алтын кенішін акцияларға айырбастауды ұсынды

Канадалық компания қырғыз үкіметіне алтын кенішін акцияларға айырбастауды ұсынды

Кен орнына акцияны айырбастау. Қырғызстан мемлекеті «Центерра Голд Инкорпорейтед» компаниясының 27 пайыз акциясына ие. Бүгінде канадалық инвесторлар осы акцияны қайтарып алу үшін қырғыз үкіметіне ұсыныс жасады. Олар компания игеріп жатқан «Кумтор» алтын кенішін Қырғызстанға қайтарып, оның орнына мемлекет үлесіндегі акцияларды алуға ниетті. Бұл ұсынысқа билік өкілдері қалай жауап бермек? Сарапшылардың пікірі қандай?
Былтыр күзде Қырғызстан «Центерра» компаниясымен «Кумтор» алтын кеніші бойынша жаңа келісімге келген еді. Нәтижесінде канадалық инвесторлар Қырғыз тарапына 170 миллион АҚШ долларын бөлу керек болатын. Оның 50 миллион доллары Ыстық көл жағалауына заманауи тазалау құрылғыларын орнатуға, 10 миллионы Онкологиялық орталыққа бағыталса, тағы 10 миллионы геологиялық барлауға жұмсалуы тиіс еді. Ал жыл соңында инвесторлар жаңа іскерлік ұсынысын жасаған. Олар алтын кенішін толығымен қырғыз үкіметіне қайтарып, мемлекет үлесіндегі бірлескен кәсіпорын акцияларына қызығушылық білдірген.
Дуйшонбек Камчыбеков техникалық ғылым докторы:
- Бірлескен кәсіпорынға тиесілі басқа мемлекеттерде де тағы кен орындары бар. Ал, біздің «Кумтордағы» алтын қорларымыз азайып барады. Сарапшы ретінде , мән жайды нақтыламай тұрып , басқа мемлекеттердегі өз үлесімізден неге бас тартуымыз керек?
Канадалық «Центерра голд инкорпорейтед» кәсіпорнында Қырғызстанның 27 пайыз акциясы бар. Компания ортақ кірістен тағы екі алтын кенішін сатып алған. Оның бірі Моңғолияда, екіншісі Түркияда. Жаңа кен орындарындағы өндіру жұмыстары енді басталады. Ал Кумтордағы алтын көлемі күн санап азайып келеді. Әзірге мамандар қандай да бір есеп-қисапсыз бұл ұсыныстың тиімді не тиімсіз екенін нақты айта алмай отыр. Ал сарапшылар ең алдымен заңнаманы тәртіпке келтіру керек дейді.
Картайбек Муканбетов, ҚP Геологтар ассоциациясының вице-президенті:
- Ең бастысы, алынған лицензияны өзгелерге сатуға болады. Бұл әрине дұрыс емес. Бүгінде үш мыңға жуық лицензия азаматтардың қолында. Олар оны біреуге тиімді бағада сату үшін ұстап отыр. Сол себепті заңнамаға кідірместен өзгеріс енгізу қажет.
Қалай болса да канадалық инвесторлардың ұсынысы әлі талай талқыға түсетіні анық. Бастысы экологиялық қауіпсіздікті ұмытпау керек. Қазір Кумторды шетелдік компания игеріп, экологиялық қатердің көзін жойып отыр. Ал, кеніш қырғызстандық тарапқа өтсе үкіметтің бұл мәселемен айналысатынына ешкім кепілдік бере алмайды.
Авторы: Бакыт Чермашев
05 қаңтар 2018 ж. 1 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031