» » Қытай халқы жаңа жылды қарсы алды

Қытай халқы жаңа жылды қарсы алды

Шығыстағы көршіміз мерекені ай күнтізбесі бойынша тойлайды.
Бұл жолы «Чуньцзе» ақпанның 16-сына тура келді. Қытай жаңа жылының басты қызығы – отшашулар. Бірақ көк түтіннен көз ашпайтын тұрғындар мейрам кезінде пиротехникалық заттарды сирек қолдана бастаған.
Қытайлар асыға күтетін көктем мейрамын тойлауды бастап кетті. Мерекелік шаралар Бейжіңде үлкен саябақтарда өтеді. Шаһардың көшелері, серуендейтін жерлер қызыл-жасыл, түрлі шамдармен безендірілген. Саябаққа кіріп концерттік қойылымды тамашалау тегін емес. Бір адамға 10 юань (500 тг). Жарты айға созылатын мерекелік демалыста Қытай астанасын тамашалауға елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам келеді. Ішкі туризмнен қала бюджетіне қыруар қаржы түседі.
Чжоу Ли, Бейжің қаласының тұрғыны:
- Биыл Ухань қаласынан арнайы келдім. Бейжіңде отшашуға тыйым салғаны дұрыс болды. Аспан ашылып, ауа тазарған кезде қайта ластаудың қажеті жоқ.   
Бейжің қаласы мерекеге орай түрлі шамдармен безендірілді. Биыл Қытай астанасындағы негізгі үлкен даңғылдың көркін келтіруге 200 мың шам пайдаланылған. Бұл – өткен жылдармен салыстырғанда рекордты көрсеткіш. Қала тұрғындары әсем қаланың көріністерін суретке түсіріп мәз-мейрам.
Лю Вэй, турист:
- Биыл жұмысым табысты болып, барлық қытайлықтардың бақытты болғанын тіледім.
Қытайлардың наным-сеніміне сай әр жылдың өз жебеуші жануары бар. Осы жылдың қожайыны «сары ит» болмақ. Олардың нанымы ит пәле-жаладан сақтап, үйге береке мен бақыт әкелуі тиіс. Ал жергілікті жұлдызнамашылар 2018 жылы әлемдегі қырғи-қабақ соғыс саябырсып, экономикалық жағдай түзеледі деп болжайды.
Чан Юйлун, Бейжің қаласының тұрғыны:
- Биыл алыстағы туыстарыма қыдырып бармадым. Жұмыс тым көп. Жаңа жылдан тек жақсылық күтемін. Ит деген жақсы ғой, жолы болғыш хайуан.
Мерекеде қытайлар үйдің іші-сыртын жыл иесінің суреттерімен безендіреді. Есікке түрлі-түсті 5 бау байланады. Ол отбасы, қызмет, ақша, махаббат және денсаулық сияқты негізгі 5 жақсылықты шақырады.
17 ақпан 2018 ж. 1 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031